Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қымбатты ұстаздар!

Құрметті мектеп түлектері!

Қадірлі ата-аналар!

Бүгінгі салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.


Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата - ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданның ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан еліміз үлкен үміт күтеді. Аудан бойынша 17 мектепте 8 261 оқушы білім алуда, оның ішінде биылғы жылы оқушы 422 түлектеріміз бітіруде. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған 63 түлек «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегері болуда. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап - өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.

Қымбатты түлектер!

Алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер. Сіздерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданның өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Бәріңізге ақ жол тілеймін!





Ізгі ниетпен,
Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі

25 мамыр 2022 ж. 523 0