Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жаңа оқу жылының бағыт-бағдары айқындалды

Жаңа оқу жылының бағыт-бағдары айқындалды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев білім саласы қызметкерлерімен кездесіп, жаңа оқу жылының бағыт-бағдарын айқындады. Кездесуге мекеме басшылары, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысы алдымен өткен оқу жылы аудан үшін табысты болғанына тоқталды.

– Өткен оқу жылында білім саласының барлық деңгейлерінде жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткіздік. Ауданда 29 оқушы «Алтын белгі», 52 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Орта мектеп курсын 471 оқушы бітірсе, олардың 84 пайызы, яғни 396-сы ҰБТ-ге қатысып, орташа балл 83,2-ні көрсетті. Талапкерлердің 90 пайызы мемлекеттік грант иегері атанды. Облыс бойынша ауданымыз ҰБТ қорытындысы мен мемлекеттік грант көрсеткіші бойынша үздік үштікте. Жылдан-жылға республикалық, облыстық сайыстарда жүлдегер атанып, марапат төрінен көрінген ұстаздар мен шәкірттер қатары көбейді. 177 оқушы облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі бағыттағы байқауларда жүлдегер атанса, 37 мұғалім кәсіби байқауларда жеңімпаздар тұғырынан көрінді. Балаларымыздың заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп құрылысы 2024 жылы салынады. 3 пен 6 жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылды. Мектептеріміздің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұндай жетістіктер аудан ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп білемін. Осы ретте, мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымының жемісті еңбектеріне, үнемі қолдау білдіретін сала ардагерлеріне алғыс білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков жаңа оқу жылына дайындық туралы хабарлама жасап, жаңашылдықтарды атап көрсетті.

Жаңа оқу жылында 17 мектепте 8219 мың оқушы білім алады. Биыл бірінші сыныпқа 744 бала қабылданады. Жаңа оқу жылында бастауыш білім беруде 1-2 сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері бөлініп оқытылады және 2 сыныптан «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. Ал «Шет тілі» пәні 1-2 сыныптарда оқытылмайды. Негізгі орта мен жалпы орта білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу жылы 34 аптаны құрап, 25 мамырда аяқталады.

Аудан бойынша әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 234 баланы толық тегін тамақпен қамту жоспарлануда. Сонымен бірге, қыркүйек айынан бастап балабақшадағы 325 педагогтың жалақасына 30 пайыз үстемақы қосылады. Білім бөлімінің басшысы мектептер жаңа оқу жылына дайын екенін атады.

Жиында ауданның білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаз "Алғыспен" марапатталды.

Кездесуде білім саласынының ардагерлері Ұлмекен Жанәлиева, Күлбарам Әбілова, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Алмас Есназар сөз сөйлеп, ұстаздарға жаңа оқу жылына табыс тіледі.

Аудан әкімі жастарға сапалы білім және саналы тәрбие беруде білім қызметкерлеріне қойылатын талап жоғары екенін жеткізіп, тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
29 тамыз 2023 ж. 232 0