ЕЛ КЕЛЕШЕГІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ
Соңғы жылдар Сырдария ауданының білім саласы үшін жарқын жетістіктерге толы жемісті болуда. Аудан ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде оқушылар биік белестерді бағындырып, аудан абыройын асқақтатты. Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітірді. Олардың 216-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 2017-2018 оқу жылындағы ҰБТ-ға қатысқан 216 түлектің 157-і мемлекеттік білім беру грант иегері атанса, 21 оқушы облыс әкімінің және 2 оқушы ректор грантын жеңіп алды. Сонымен қатар, өткен жылы 20 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. «Үздік директор – 2018» байқауында №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің директоры Ж.Назаров жеңімпаз атанды.
Қазіргі таңда ауданның білім саласында 1 колледж, 5 мектеп-лицей, 12 орта мектеп, 17 мемлекеттік және 5 жеке балабақша, 6 шағын орталық жұмыс жасайды. Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағытында арнайы іс-шаралар жоспары белгіленіп, оқу ордаларында тәрбиелік мәні зор жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Айту керек, биылғы оқу жылында 220 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда.
М.ҚОЖАБАЙ