АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бəрімізге белгілі Тәуелсіздік жылдарында отандық білім саласы қарқынды дамыды. Елбасының сындарлы саясатының негізінде білімге ұмтылған жастар Қазақ елін әлемге танытуда. Бұл бағытта серпінді Сырдария ауданында да жарқын жетістіктер бар.
Бүгінде ауданда үш ауысыммен оқитын, апаттық жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ және мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық шешілген. Мектептерде 2017-2018 оқу жылында 1099 педагог кадрлар жұмыс жасады. Олардың 107-сі жоғары, 490-ы бірінші, 328-і екінші санатты мамандар.
Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітірді. Олардың 216-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл мектеп бітірушілердің 64 пайызын құрады. 2018 жылы «Алтын белгі» 20 оқушы, «Үздік аттестат» 11 оқушы иеленді.
Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша орташа бал 85,02 ұпайды құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 216 оқушының 157-і мемлекеттік грантқа түсіп, яғни 72,7 пайызды құрады. Бұл облыстық деңгейдегі жоғары көрсеткіш.
«Bilimland» ресурстарына ауданымыздағы барлық 17 мектеп қосылған. Алдағы уақытта да ауданның білім саласына қолдау кең көлемде көрсетіледі.
Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен құттықтай отырып, білім саласының қызметкерлеріне жауапты жұмыста жеміс тілеймін!
Құрметпен,
Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі
Ғанибек Қазантаев,
Сырдария ауданының әкімі