Қызылорда облысында 4 221 талапкер грант иегері атанды

Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, талапкерлердің басым көпшілігі педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға грантқа оқуға түскен. Жалпы мектеп бітірушілердің 99,6%-ы жоғарғы және арнаулы оқу орындарына орналасты.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 597 түлек «Алтын белгі»иегері атанған.