Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар күні - жастарға жарқын жол

Жастар күні - жастарға жарқын жол

Кеше аудан әкімдігінің қолдауымен орталық алаңда «Жастар күні – жастарға жарқын жол» атты гала-концерті өтті.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, ауданның жалынды жастарын мерекемен құттықтады.

Сырдариялық жастар барлық бастамалардың басында жүр. Қай салада болмасын олар белсенді. Жастарымыз мемлекеттік қызмет, білім, мәдениет, спорт және басқа салаларда жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар, аудан жастары еріктілік үлгісін көрсетіп келеді. Олар ұйымшылдықпен тұрғындарға көмек көрсету іс-шараларына үнемі атсалысады және қайырымдылық жасаудың алдыңғы шебінде жүреді.

Мерекелік іс-шарада белсенді жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» патриоттық акциясын ұйымдастырды.

Бүгінгі жастар күніне орай «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы, аймағымыздың мақтанышы Құралай Мейрамбек және ауданның көркемөнерпаздары әуелете ән шырқады.

Жастардың гала-концерті мерекелік отшашумен қорытындыланды.


Cырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
13 тамыз 2023 ж. 185 0