Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария ауданында Жастар күні кең көлемде тойланады

Сырдария ауданында Жастар күні кең көлемде тойланады

Биыл ауданымызда аудан әкімдігінің қолдауымен «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесі ерекше форматта өтеді.

Аудандық жастар ресурстық орталығы мереке қарсаңында 20-дан астам іс-шара ұйымдастырып, 2 мыңға жуық жасты аталмыш іс-шараларға тартуды жоспарлап отыр.

Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен егін алқабындағы жастар бригада мүшелерімен түрлі бағыттағы іс-шаралар, "Жазfest" көңілді кештері, ауыл жастары арасында үстел теннисінен сайыстар, Денсаулық фестивалі, «AULA SPORT” жасөспірімдер арасында эстафеталық және спорттық сайыстар, поэзия кештері, "Тарихи жады мен тарихи сана-сезімді қалыптастырудағы музейлердің орны" экскурсиясы, "Кітап сыйла" акциясы, еріктілермен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Осыған қоса, жас келіндерге абысындар мастер-класы, «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі, «Қуанса, бала қуансын» іс-шарасы, жұмыссыз жастар мен оқушы жастарға "Волонтер" фильмін көрсету, аудан волонтерлерімен балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары, ауыл жастары арасында кіші футболдан сайыс ұйымдастыру, жастардың «Taza Alem» экологиялық акциясы, күндізгі жастар лагері, жастар арасында #JastarDay блиц сауалнама жүргізу, негізгі «Жастар күні – жастарға жарқын жол» гала-концерті өтетін болады.

Аудан жастары мен қоса аудандық жастар ресурстық орталығында да жақсы жаңалық болғалы тұр. «Жастар күні – жастарға жарқын жол» гала-концерті аясында аталған жаңалықтың куәгері бола аласыздар!

Жастар күні мерекесінде бізбен бірге болыңыз!

Аудан жастары жасай берсін!
09 тамыз 2023 ж. 342 0