Аманкелді ауылы жастар күнін тойлады
Аманкелді ауылында ерекше леппен атап өтілетін «Жастар күні» мерекесінің биыл да үрдісі үзілмеді.
Жылдан-жылға жаңа, әрі тың идеямен тойланатын күнді ауыл жастары асыға күтеді. Биылғы жылы 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай «Жастар күні – жаңа істердің бастауы» атты салтанатты шара ауылдық мәдениет үйінің алдында кең көлемде тойланды.
Мерекелік кеште қадірлі қонақтар «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек, «Монте Карло» тобы және ауылдық мәдениет үйінің жас өнерпаздары өнерлерін барша жұртқа паш етті. Халықтың да қарасы көп болды.
Жастар – ел ертеңі. Біздің елімізде өскелең ұрпаққа әрдайым көңіл бөлініп, істеріне қолдау жасалады. Осы қолдауды сезінген жас буын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің алған білімі мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетуде. Бұл орайда Аманкелді ауылы «Жастар күнін» атап өту арқылы қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың осы бір белсенділігін арттыру көзделген.
Мерекелік шара барысында ауыл әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Ермағанбетов өз саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген 6 (алты) жасқа ауыл әкімінің «Жалын» жастар сыйлығын табыстап, бірнеше белсенді жасты аудандық, облыстық жастар ресурстық орталығы директорларының алғыс хаттармен марапаттады.
Аманкелді ауылының жастары қай салада болмасын өздерін жақсы қырынан танытып келеді. Солардың бірегейі ел, ауыл намысын әлемге танытып жүрген Құралай Мейрамбек мереке қарсаңында өз ауылына келіп, ауыл жұртшылығына ән арнады.
Кеш барысында қобыз үнді қызымызға ауыл әкімдігі атынан сый-құрмет жасалып, алғыс айтылды.
Мерекелік шарадан керемет әсер алған ауыл жастары кеш соңында мерекелік отшашуды тамашалады.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі