Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

№ 28 газет

19 сәуір 2025 ж.

№ 27 газет

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырылды

Ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырылды

Кеше аудан әкімінің орынбасары, жастар кеңесі төрағасының орынбасары Димаш Байдушев Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Іңкәрдария ауылдық округтерінің белсенді жастарымен кездесу ұйымдастырып, белсенді жастардың ой-пікірлерін тыңдады.

Бейресми, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудан мен ауылдарда түрлі салада еңбек етіп жүрген жалынды жастар қатысты.

Басқосуда қоғамның басты қозғаушы күші – жастар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, алдағы жоспарлары туралы пікірлерімен бөлісті
.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-тілектерді назарға алып, оңтайлы шешімін табуына аудандық бөлім басшылары мен ауыл әкімдері тарапынан жұмыстар жасалатынын жеткізді. 

Аталған жастармен кездесу ерекше өтіп, барлық жастар өз ұсыныстарын еркін айтты. Ел келешегі болған жастар ауыл мен ауданның көркеюіне, гүлденуіне өз тараптарынан қажетті көмекті көрсететіндерін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев жастарға алдағы уақытта көш басында болуларына сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 қараша 2022 ж. 506 0