Жастар кеші көңілді
Барша түркі әлемінің ұлық мейрамы – Әз Наурызды аудан жастары Тереңөзек кентінің орталық саябағында «Жастар кеші көңілді» атты мерекелік іс-шарамен қарсы алды.
Ұлық мерекені зор қуанышпен қарсы алған жастар кешіне Сырдария ауданының әкімі М. Ергешбаев арнайы қатысып, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы, көктем мен еңбектің, жаңару мен рухани тазарудың жарқын мерекесімен аудан жастарын құттықтады.
Мерекелік іс-шарада аудан жастарының «Қара жорға» биінен флэшмобы, ұлттық спорттық ойындар қол күресі, асық ату, қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүр, әдет - ғұрыптарынан «Жастар ауылының» ойын-сауық кеші, қазақтың ерекше салт-дәстүрі «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер» ұйымдастырылды.
Көңілді кеш соңында от шашу ұйымдастырылып, аудан жастары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Жастар кеші көңілді өтті.