Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гендерлік білім туралы

Гендерлік білім туралы


Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай, біздің елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі-«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223 Заңы болса, екіншісі-«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214 Заңы. Жалпы, гендер-ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елімізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді.Қазақ отбасыларында, негізінен, отбасы басшысы ер кісі болып келеді. Əйел басқаратын отбасылары аз кездеседі. Кейбір отбасыларында əйел отбасы бюджетін басқарып, бос уақытты ұйымдастыру мен бала тəрбиелеуші болып табылады. Мұндай жағдайды қалыпты талапқа сай деп айтуға болмайды. Əйелдің мойнына мөлшерсіз ауырлық жүктеледі, тəрбие саласында ол қаншалықты тырысқанымен əкенің орнын баса алмайды, ондай кезде отбасындағы психологиялық теңдік бұзылады. Көптеген отбасыларында үй іші жұмыстарын ерлі-зайыптылар бірдей атқарады. Мұндай теңдікке жету үшін əйелдің түсінігі мен көзқарасы, қабілеті жағынан ерімен тең түсуі қажет. Ой сананың теңдесуіне ешкімнің қарсылығы жоқ, бірақ теңдік қазақ менталитеті дəстүріне сай болуы тиіс.

Қаныбетова Баянсұлу Қуанғалиқызы
Арал аудандық сотының
бас маманы
05 мамыр 2018 ж. 1 004 0