Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙЕЛДЕРГЕ КҮШ КӨРСЕТУ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

ӘЙЕЛДЕРГЕ КҮШ КӨРСЕТУ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР



Қоғамда нәзік жандыларға көп зорлық-зомбылық көрсетіліп жатады. Қашанда күш көрсету арқылы әйелдердің мүмкіндігін шектеу бұзақылықтың алдыңғы сатысына кіреді. Осы орайда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын «әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Бұрнағы күні аудандық жергілікті полиция қызметкерлері осы акция негізінде аудандық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен аталған мәселе бойынша кездесу ұйымдастырды. Шараға аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева, Сырдария АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау тобының инспекторы қатардағы полиция С.Бишекова, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ә.Төлегенов, сала мамандары қатысты.
Акция барысында С.Бишекова әйелдердің зорлық - зомбылыққа қалай тап болатыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы бейнеролик көрсетті. Жалпы алғанда зорлық - зомбылыққа апаратын факторлардың бірі ішімдікке тәуелділік, отбасындағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының нашарлауы себепкер болады. Әйелдердің зорлық зомбылыққа қарсы тұруы арқылы өзіне зәбір көрсеткен келесі бір адамның қылмысын әшкерелей алады. Менталитетке салып қорлық көрген азаматшалар өз қиыншылықтарын жасырған жағдайда отбасының келесі бір мүшелеріне әсерін тигізеді. Мәселен, зорлық - зомбылықтың куәгері атанған балаларда психикалық ауытқулар жиі орын алады. Өз кезегінде поли- ция лейтенанты Ә.Төлегенов учаскелік полиция қызметі тұрмыстық жағдайда орын алған түрлі заң бұзушылықтардың алдын алуда дей келе көптеген шаралардың жасалып жатқандығын, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де бар екендігін жеткізді. Арнайы зорлық-зомбылыққа қатысты дәйектемелерді слайд арқылы көрсеткен сала мамандары мұндай әрекеттерді болдырмаудың басты талаптарын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профи- лактикасы туралы заңының мақсат-міндеттері жайлы да айтылды. Шара соңында сала маман- дары сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

БАЛТАБАЙ ОРДАБЕКОВ
11 желтоқсан 2017 ж. 2 732 0