Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады

Көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Тереңөзек кентіндегі А.Иманов көшесінің тұрғындарымен кездесті. Алдағы уақытта көше бойындағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жоспарлануда. Осыған байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

– Халыққа қолайлы жағдай жасау тұрақты назарымызда. Өткен жылы А.Әлиакбаров көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылды. Енді биыл А.Иманов көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар демеушілік есебінен іске асырылады, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Көпқабатты тұрғын үйлер ауласының жолдары жөнделеді, автотұрақтар салынады. Сондай-ақ, демалыс орындары, спорт және ойын алаңдары салынып, қолайлы жағдай жасалмақ.

Осыған қатысты көше тұрғындары ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан басшысы тұрғындар пікірі ескеріле отырып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 тамыз 2023 ж. 484 1

Elisa от 9 маусым 2025 03:44
You actually revealed that very well! meilleur casino en ligne Thank you, I like it! casino en ligne francais Great information, Thank you! casino en ligne You said it perfectly.! casino en ligne Wonderful information, Thank you. meilleur casino en ligne Kudos, I appreciate this! meilleur casino en ligne Tips certainly utilized!. casino en ligne Cheers! An abundance of info! meilleur casino en ligne You definitely made the point. casino en ligne Amazing many of great info. meilleur casino en ligne