Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар мәселесінің шешімі

Тұрғындар мәселесінің шешімі

Тереңөзек кенті А.Әлиакбаров көшесінің тұрғындарымен көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру бірнеше рет сұралған еді. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың көше тұрғындарымен кездесуінде көтеріліп, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде сауал қойылып, әлеуметтік желілерде де талқыланған еді. Тұрғындар өтінішіне сәйкес, тиісті жоба жасалып, облысқа ұсынылды. 2022 жылы облыстық бюджеттен қолдау тауып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, 9 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. "АСАНАС-ДАР" ЖШС-і мекемесі толық аяқтады. 9 үйдің ауласына 9 автотұрақ салынды. Әр үй алдына демалуға арналған орындықтар, кір жаюға керекті орын белгіленген. 6 кілем қағуға арналған орын, 23 қоқыс салатын жәшік орнатылған. Жолдары жөнделіп, ыңғайластырылған жаяу жүргіншілер жолы салынған.

Кішкентайларға арналған 4 ойын алаңы, футбол мен баскетбол ойнайтын 1 алаң ел игілігіне берілді. 2 дәретхана мен қоқыс тастайтын арнайы орын жасалған.

Биылғы жылы да барлығы 780 млн.теңге қаржыға Тереңөзек кентінде абаттандыру, жол жөндеу, ауыз су құбырларын жөндеу, аяқ су жүргізу, жаңа ықшам аудан инфрақұрылымын жүргізу жұмыстары жүргізілмек. Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген Б. Момышұлы көшесі мен И. Тоқтыбаев көшесін жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
11 қаңтар 2023 ж. 466 1

Chet от 29 мамыр 2025 20:20
Nicely put. Many thanks. casino en ligne Appreciate it! Plenty of info. casino en ligne francais You said this terrifically! casino en ligne Nicely put, Thank you. casino en ligne France Amazing stuff, Thank you. casino en ligne You actually stated this really well! casino en ligne francais Very well spoken truly! . casino en ligne francais Cheers, A lot of facts! casino en ligne Kudos, I like it! casino en ligne Valuable knowledge, Many thanks! meilleur casino en ligne