Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Көшені абаттандыру қолға алынады

Көшені абаттандыру қолға алынады

Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №25 санына «Кент әкімінің назарына» айдарымен «Тұрғындар қашанғы қиналады?» тақырыбында материал жарияланды. Бұл мақалада кент орталығындағы А.Әлиакбаров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы мәселе көтерілген. Осыған орай Тереңөзек кенті әкімдігі төмендегіні назарға ұсынады.

Кенттегі А.Әлиакбаров көшесі бо­йын­дағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру мақсатында Те­реңөзек кенті әкімі аппараты тарапынан 2020 жылы «Шынар проект» ЖШС-не құны 122 626,0 мың теңгені құрайтын жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Атап айтқанда, аулаға асфальт төсеу, жарық шамдар орнату, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орналастыру және балалар ойын алаңын салу жұмыстары бар.

Жобалық-сметалық құжаттама 2021 жылы «Казспецстрой экспертиза» ЖШС-не мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, биылғы жылдың сәуір айында сараптама қорытындысы шығады. Әрі қарай бюджеттік өтінімге ұсынылады. Жоба қолдау тапқанда, аталған көшені абаттандырып, тұрғындар мәселесі шешімін табады.

Тереңөзек кенті әкімдігі
03 сәуір 2021 ж. 1 054 0