Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетікөлдегі тың жобалар

Жетікөлдегі тың жобалар

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылында жаңадан ашылған егіс алқаптарының жұмыстарымен танысты.

Өткен жылы хабарлағанымыздай облыстық бюджеттен аудандағы Жыңғылдыкөл, Хозцентр, Военторг каналдарын механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, Жетікөл ауылына Тәуелсіздік алған жылдан кейін аяқ су алғаш рет келген еді. Ал «Жетікөл Жері» ЖШС-і күздік дала жұмыстарын жүргізу және егін егу жұмыстарын бастаған болатын.

Міне, биыл дихандардың еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесінде 500 гектар жер ашылып, егіс алқаптары дайындалды. 80 гектарға күріш, 100 гектарға күнбағыс және 2 гектарға картоп, 4 гектарға көкөніс, 14 гектарға бақша дақылдары орналастырылды.

100 гектар жерге егілген күнбағыс дақылына серіктестік өз қаражат есебінен 40,0 млн теңгені құрайтын қондырғы сатып алып, жаңбырлатып суару әдісін қолдануда. Жергілікті жердің 12 адамы жұмыспен қамтылды. Шаруалар мұнымен тоқтап қалмайтындарын, алдағы уақытта жаңа жерлерді ашып, егіс алқабын кеңейтетіндерін жеткізуде.

- Еселі еңбектеріңіз көзге көрініп тұр. Бұл жерге аяқ су келмегеніне 30 жылдан асқан еді. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесімен, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен егіс даласына су жеткізілді. Биыл егін алғаш егіп басталды. Бұл үлкен жетістік. Еңбектеріңіз еселене берсін. Қамбамыз дәнге толсын. Сіздерге елге жасаған зор еңбектеріңіз үшін ерекше алғыс білдіремін,-деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы шаруалармен кездесуде.

Жалпы биылғы жылы Сырдария ауданында 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 23500 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, ескі жоңышқа 7200 гектар, және картоп, көкөніс, бақша 1168 гектарды (картоп-508 га, көкөніс – 240 га, бақша – 420 га) құрайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 359 гектар қосымша жерлер ашылып, 1105 отбасыға бөлініп берілді.
16 шілде 2023 ж. 262 0