Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдармен бiрлесiп жердi игеру жұмыстары пысықталды

Ғалымдармен бiрлесiп жердi игеру жұмыстары пысықталды

Жетікөл ауылдық округіндегі «Жетікөл жері» ЖШС-ның күзгі дала және егін егу жұмыстарына жоспарлары пысықталды.

Инвесторлармен кездесу барысында Жыңғылдыкөл, Хозцентр және Военторг каналдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 3 дана насос қондырғылары алынып, нәтижесінде осы ауылда биылдан бастап 200 гектарға жуық жерлерге мал азықтық дақылдар мен картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастырылғандығы жөнінде бөлім басшысы Нұрбол Жұмабеков айтып өтті.

Серіктестік басшысы Ғалым Өмірзақов Украиндық ғалымдармен бірлесіп осы шілде айының үшінші онкүндігінде 400 гектарға жуық жерді бидай орналастыруға дайындық жұмыстарын бастайтындығын және келесі жылға 1000 гектарға дейінгi жерді ашып, ауыспалы егістікке келтіруді жоспарлап отырмыз,– деді.

Сонымен қатар, аталған серіктестіктің егістік жерлеріне су жеткізу мақсатында канал бойындағы гидротехникалық құрылыс бекеттерін ретке келтіру жөнінде Қазсушар РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысына ұсыныс хат жолданды.





Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
10 шілде 2022 ж. 251 0