Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жобалар жүзеге асуда

Жаңа жобалар жүзеге асуда

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев шал­ғай орналасқан Же­ті­көл ауылына ар­на­йы келіп, жа­ңа­­ егін ал­қап­тарының жұмысымен танысты.

Биыл елді мекенді аяқ сумен қамту мақсатында об­лыстық бюджеттен «Жыңғылдыкөл», «Хозцентр», «Воен­­торг» каналдарын механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Жетікөл ауылына 30 жылдан кейін аяқ су келген еді. Соның негізінде «Жетікөл Жері» ЖШС күздік дала жұмыстарын жүргізу және егін егу жұмыста­рын бастаған болатын. Бүгінде аталған шаруашылық ук­раиндық ғалымдардың қатысуымен 200 гектар жерді егін алқабына дайындап, тегістеу жұмыстарын жасауда. Егін алқабына келетін каналдың аяқ бөлігіне де тазарту және кеңейту жұмыстарын жүргізді.

Егіс алқабы мен тазартылған каналдарды аралаған аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы талмай еңбек етіп жатқан ша­руалармен кездесіп:

– Бұл – еліміз бен жеріміз үшін жасалып жатқан мүм­кіндік әрі қуаныш. Өздеріңіз осы ауылдың көркеюіне тер төгіп, қараусыз қалған жерлерді қайта жаңғыртуға елеу­лі үлес қосудасыздар. Шаруашылықтың әлеуетін па­йда­ланып, ғалымдардың тәжірибесін үйренулеріңіз қа­жет. Бүгінде ауылда жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сәй­кесінше, халықтың әлеуеті де артады. Сіздердің еңбек­теріңіз бен қажыр-жігерлеріңізге алғыс білдіремін. Іске сәт! – деді.

Жалпы, «Жетікөл Жері» ЖШС биылғы жылы 200 гектар аумаққа бидайдың күздік түрінің 4 сортын егу, 10 гектар жерге 4 түрлі алма сортымен алма бақ орналастыру, жем өндіру цехын ашу секілді жұмыстарды жоспарлап отыр. Ауыл әкімдігі кәсіпкерлікті дамытып, ауыл шаруа­шы­лығы саласын өркендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу­ды бас­ты назарда ұстайды.

Жетікөл ауылының әкімдігі
17 қыркүйек 2022 ж. 380 0