Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ



Байқау ережесі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық газеттің бұрынғы редакторы Абызбай Маханбетовтың 85 жасқа толуына орай ұрпақтары аудандық газет журналистері арасында байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін насихаттауда жергілікті журналистердің қатысуын ынталандыру. Ел тарихына терең бойлап, аға буын еңбектерін дәріптеу, еліміздің өткені мен бүгінгі келбетін ашатын, Рухани жаңғыруымызға үн қосып, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар
Байқауға аудандық газеттің журналистері мен штаттан тыс авторлар қатыса алады.
Байқаудың қазылар алқасы ардагер-журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Абызбай Маханбетов.
Байқаудың өту мерзімі
2017 жылдың 12 желтоқсанынан 2018 жылдың 10 қаңтарына дейін жергілікті басылымда жарияланған материалдар қабылданады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылдың 13 қаңтарында өтеді.
11 желтоқсан 2017 ж. 1 930 0