Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Елбасының ерен еңбегін дәріптеуді мақсат еткен байқауға аудандағы білім беру мекемелерінің озат оқушылары қатысып, өз шығармаларын ұсынды.
Оқушылардың шығармашылық қарым-қабілетін арттыруға, Отансүйгіштік сезімдерін нығайтуға септігін тигізген байқау жоғары деңгейде өтті. Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін ақ қағаз бетіне түсірген оқушылардың шығармаларына білікті тіл мамандары баға берді. Соған сәйкес, байқау жеңімпаздары анықталып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңісбек Төралиев жүлдегерлерді марапаттады. «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәні мен маңызы жөнінде кеңінен айтып өткен бөлім басшысы шығармалар байқауына белсене қатысқан оқушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ, аталған байқаудың дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті.
Ал, аудандық байқаудың бас жүлдесін кенттегі №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп оқушысы Жансая Әбиболлақызы иеленді. Жүлделі І-орынды №147 орта мектеп оқушысы Сая Молдабекова еншіледі. ІІ-орын №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің атынан сынға түскен Диас Батырхановқа бұйырса, ІІІ-орынды іңкәрдариялық Зейнеп Нұрланқызы иемденді. Сонымен бірге, ақжармалық Нұрай Бердібек пен тереңөзектік Мақсат Мэлс Алғыс хатпен марапатталды.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
30 қараша 2017 ж. 2 021 0