Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысында қандай мәселе қаралды?

Комиссия отырысында қандай мәселе қаралды?

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен 2022 жылдың I тоқсанындағы Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы, аудандық мәслихаттың хатшысы, «АМАНАТ» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Комиссия отырысындағы бірінші мәселе бойынша «Аудан көлемінде алаяқтық қылмысының, оның ішінде интернеталаяқтық қылмыстардың алдын алу шаралары туралы» және екінші мәселе бойынша « Учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық салалары бойынша жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралары туралы» аудандық полиция бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы Н.Қордабай құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыстар атқарылып, қылмысты болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң аудан басшысы тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында аудан әкімі бүгінгі күнге интернеталаяқтық қылмыстар көбейіп отырғанын атап, сақтық шараларына аса мән беруді және тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен жүргізу керектігін ескертті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 сәуір 2022 ж. 577 0