Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛУДА

ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛУДА


Сырдария ауданы үшін соңғы бес жыл табысты жылдар болды. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар жоғары деңгейде жүзеге асты.
Атап айтқанда, мемлекеттік "Ақбұлақ" бағдарламасы Сырдария ауданында мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінде ауданға халқы тіршілік нәрін тәулік бойы тұтынуда.
Сондай-ақ, ауданға инветиция тарту жұмыстарында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізілді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысымен аудан экономикасына 44 млрд. 231 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды.
Бұл көрсеткіш 2016 жылдың жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Алдағы уақытта да аудан әкімдігі инвестиция көлемін арттыру бағытында кешенді жұмыстарды жүргізе береді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
19 сәуір 2018 ж. 867 0