БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ЖОСПАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ
Шиелі ауданында осы жылдың 10 айында 49132 ірі қара, 78875 қой-ешкі, 12808 жылқы, 1342 түйе, 27651 құс есепке алынды. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда түлік түрлерінде өсім бар, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы уақыт аралығында 4004 тонна ет, 15476 тонна сүт, 1631 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Аудан қожалықтарына асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 31 млн 463 мың теңге, мүйізді ірі қара малының селекциялық асылдандыру жұмыстарына 93 млн 380 мың теңге субсидия төленді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 263 сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса, осы күнге 540 сиыр, 29 бұқа алынып, жылдық жоспар 2 есеге орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы аясында 125 қой, 5 қошқар сатып алу жоспарланған екен. Қазірде аудан шаруашылықтары бағдарлама бойынша, 288 қой, 64 қошқар алып, жылдық жоспар 2,3 есеге артық орындалып отыр.
Пікір 2