Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БАРЛЫҚ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА АУЫСАДЫ

БАРЛЫҚ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА АУЫСАДЫ


Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңірдің сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалары және кеден өкілдері қатысқан дөңгелек стол өтті. Кездесудің мақсаты – үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен барлық кедендік режимдер бойынша қолданысқа енген «электронды кеден» бағдарламасын кеңінен түсіндіру.
  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 38 қадамын жүзеге асыру шеңберінде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясы арасында 2015 жылдың қыркүйек айында қол қойылған келісімшартқа сәйкес, электронды декларациялауды жетілдіру мақсатында «АСТАНА-1» АЖ әзірленіп, кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі пайдалануға берілді.
  Жаңа ақпараттық жүйе Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына, халықаралық стандарттарға және озық тәжірибеге сай дайындалған, экспорт пен импорт үшін құжаттар санының, оның өңделу уақытының қысқартылуына, яғни кедендік ресмилікті барынша қарапайымды қылуға бағытталған.
  «АСТАНА-1» АЖ барлық кедендік процедуралар мен операцияларды қамтиды және Комитеттің салықтық деректер қоймасымен біріктірілген, сонымен қатар, ҚР-ның басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпараттық әрекетті жүзеге асыра алады. Бұнымен қоса, «АСТАНА-1» АЖ ендіру СЭҚҚ мен кеден органдары арасындағы тікелей байланысты барынша азайту жолымен сыбайластық деңгейін төмендетуге әсер етеді.
  «АСТАНА-1» АЖ енгізбестен бұрын кедендік операцияларды жүргізу кезінде жекелеген жүйелер жұмыс істеп тұрды. Әртүрлі жүйелерді пайдалану барысында бірқатар мәселелер туындады, ол өз кезегінде ҚР мемлекеттік қызметтерін көрсету сапасы мен имиджіне кері әсерін тигізді. Бұл жерде кедендік бақылаудың негізгі барысы әртүрлі ақпараттық жүйелерде өріс алды, сыртқы пайдаланушылар жүйесімен бірыңғай форматты-логикалық бақылауда болмады.
  Жүйенің көпфункционалды болуына байланысты және бірнеше ақпараттық жүйелерді бірыңғай платформаға алмастыру, сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету қажеттілігі себепті Комитетпен «АСТАНА-1» тәжірибелік пайдалануды сатылық деңгейде жүргізу туралы шешім қабылданды.
Бірінші саты – 2017 жылдың 1 қазанынан бастап АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің «Кедендік транзит» процедурасы бойынша «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды. Бұл кезеңде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аумағында 41 транзиттік декларация ұсынылып, оның 40-ы айналымға шығарылды. 40 декларация да «жасыл дәлізге» түскен. Кедендіәк тазалаудың орташа уақыты – 6 минут.
Екінші саты – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік процедурасы бойынша кіші жүйе «Кедендік декларациялау» пайдалануға берілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қызылорда облысы бойынша МКД қызмет аумағында 264 декларация ресімделіп, оның 258-і «жасыл дәлізбен» босатылған. 6 декларация түрлі бақылау шараларынан кейін босатылған. «Жасыл дәлізбен» шыққан тауарларға 1 минут, «сары дәлізге» - 2 сағат 30 минут, «қызыл дәлізге» - 8 сағат 40 минут уақыт жұмсалған.
Үшінші саты – 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Тауарларды ішкі тұтынуға босату» (Импорт) және басқа да процедуралар бойынша кіші жүйе «Кедендік декларациялау» тәжірибелік пайдалануға берілді. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аумағында 12 сәуірге дейін 123 тауар декларациясы ұсынылды. 120-сы «жасыл дәлізге» түсіп, 1 минут көлемінде босатылған. «Сары дәліз» - құжаттамалық тексеру – 9 сағат 45 минут; «Қызыл дәліз» - қарап тексеру, қарау – 18 сағат 25 минут.
 «АСТАНА-1» АЖ енгізу нәтижесінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылы арнаған Жолдауында айтылғандай, жұмыс қорытындысымен тауарларды кедендік ресімдеу процесін толық автоматтандыру, сонымен қатар, жүктердің қозғалысын онлайн-режимде және олардың транзитін кедергісіз бақылау үшін цифрлық технологияны масштабты енгізу күтіледі.
Кездесу барысында қатысушыларға барлық әрекеттер нақты және мысалмен түсіндірілді. «Дөңгелек стол» басындағы сұқбатқа облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Г.Таңатова қатысты.

Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы

17 сәуір 2018 ж. 882 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 16:03
Healthy Male Sirius Radio viagra online prescription Cephalexin Free Full Text Journal

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 07:02
Il Cialis Quanto Costa Acquista Cialis Tadalafil buy viagra online Cialis En Promocion Get Legally Clobetasol Best Website Overseas Pharmacy