Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОН ТАҢДАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

ТОН ТАҢДАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

 
Қызылордада 49  сауда орны тон сатумен айналысады. Жыл басынан бері осы сауда орындарының  232 тоны таңбаланып үлгерген. Тағы да 836 бұйымға таңбаға тапсырыс берілді.
         Таңба дегеніміз – әрбір тері бұйымына берілетін бақылау-идентификациялық белгі.
          Таңбалау арқылы сатылымдағы әрбір тері бұйымы туралы ақпаратты білуге болады.  Яғни, сатып алушы сапалы, нағыз теріден тігілген бұйымды қателеспей таңдауы үшін жасалған әдіс.
         Тері бұйымдарын өндіруші, әкелуші және сатушы тұлғаларға  арналған бұл жоба өткен жылдың қараша айында ендірілген болатын.  Оның мақсаты – рынокты заңсыз тауардан, ал тұтынушыны жалған өнімнен қорғау.
          Тауарларды таңбалау жүйесі – бұл электронды түрде таңбалауға жататын тауарларды тіркеу және бақылау функциясын орындайтын ақпараттық жүйе. Бұл жүйеге кәсіпкерлер сандық электронды қолтаңбасы арқылы кіре алады. Осы жүйеден бақылау-идентификациялық белгіні алу үшін «GS1 Kazakhstan» Ассоциациясына тіркелуі қажет.
          Бақылау белгісінің әр данасы кәсіпкер үшін 480 теңге тұрады. Таңбаның өз бағасы  – 390 теңге, әкелу құны 90 теңге.
23 ақпан 2018 ж. 950 0