Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ


Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары 386 млн 643 мың теңгеге жазылған құжаттар негізінде жоқ құрылыс материалдарын алу туралы келісімге келген тұлғаларды әрекет үстінде ұстады.
Департамент маманы Б.Орданова хабарлағандай, кәсіпкер Л.Б. және оның серігі Ж.Э.-нің алдын ала келісімі бойынша 2016 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың мамыр айы аралығында екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында жалпы сомасы 386 млн 643 мың теңгенің шот-фактуралары ұсынылған. Алайда, ешқандай нақты тауар алынбаған. Мемлекетке ірі көлемді залал келтірілетін бұл әрекет ҚР ҚК 24-бабы 3- бөлігімен және 216-бабының 2- бөлігі 2,3-тармақтарымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық болып танылады.
Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының талдау есептеріне сәйкес, шот-фактураларды алған заңды тұлға осы шот-фактураларды қолданған жағдайда, бюджетке түсетін 110 млн 469 мың теңге салықтан  жалтаруға негіз болар еді. Экономикалық тергеу қызметінің жүргізген жедел шаралары негізінде қылмыстық топтың жоспары аяғына дейін жеткізілмей, екі тұлғаның бір-біріне  55 млн теңге қаражатын беруі кезінде оларды ұстау әрекеті жүзеге асты.
Қазіргі кезде бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа жолданды.  

Ы.Тұрлығұлов
21 қаңтар 2018 ж. 1 698 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 09:46
Propecia Generico En Espana Viagra With No Prescription viagra online Forum Acquisto Viagra Generico Cialis Tratamiento Diario Healthy Male Viagra Offer

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 19:24
Amoxicillin And Chewable Tablets Cytotec 200 Mcg generic cialis from india Vente Viagra Generique Como Funciona El Cialis What Is Zithromax Good For