Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті газетке жазылайық!

Жергілікті газетке жазылайық!

Аудан жаңалықтарының жар­­шысы атанған «Тіршілік ­ты­нысы» газетіне 2023 жыл­дың­ бірінші жартыжылдығы­на жазылу жұмыстары қарқын­ды түрде жүргізілуде. Осы ретте, оқырман қауымды жергілікті газетке жазылып, қазақ бас­па­сөзіне қолдау көрсетуге шақы­рамыз.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бас­талатын мақаласын «...адамға көз, құлақ, тіл қаншалықты керек болса, халыққа да газет соншалықты керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деп түйіндейді. Осыдан-ақ қоғамның тыныс-тіршілігінде мерзімді басылымның алатын орны ерекше екенін ұғынуға болады емес пе?!

Жыл аяқталуға жақын қалғанда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Қараша, желтоқсанмен сол он екі ай» деп басталатын өлеңі еске түседі. Аталған өлеңде тоқтаусыз уақытпен ұштасқан қарбалас тіршілік баяндалатынын көзі қарақты оқырманның жақсы білері анық. Сол секілді біз­дің де жұмысымыз осы екі айда қыза тү­седі. Себебі, аудандық газет оқырмандарын ке­лесі жылға баспасөзге жаздыру жұмыстары ұйым­дастырылады.

Сөз жоқ, мерзімді басылымдар мемлекеттік саясатты ақпараттандыруда негізгі күш болып есептеледі. Сондықтан аудандағы мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер аудандық газетке тұрақты түрде жазылады. Сәйкесінше, басылым да олардың жұмысын ақпараттандырып, ортақ абырой үшін бірлесе еңбек етіп келеді. Бұл қазақ баспасөзінің ғасырдан астам тарихында бар, тіпті қалыптасқан үрдіс. Осы ретте, аудандық газет үшін ауданның білім және денсаулық сақтау саласының алатын орны ерекше. Білім саласында 1200-ден астам оқырманымыз болса, денсаулық сақтау саласының 500-ге жуық қызметкері – тұрақты оқырманымыз. Мұнан бөлек, аудандағы ірі шаруашылықтардың да мыңға жуық еңбеккерлері де жазылады. Соның негізінде соңғы жылдары газеттің таралым саны артты. Мұның бәрі журналистердің еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі.

Осы ретте, үйден шықпай-ақ, редакцияға келмей-ақ газетке жазылуға болатынын жет­кізгім келеді. Ол үшін 8-777-155-94-53 нөміріне «Каспи голд» арқылы басылымның ақысын төлесеңіз, сізге мамандар «Ватсап» желісі ар­қылы газетке жазылғаныңызды растайтын тү­біртек жолдайды. Бұл сіздің уақытыңызды үнем­дейді. Ендеше, аудан тұрғындарын аудан­дық газетке жазылуға шақырамыз!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
08 қараша 2022 ж. 744 0