Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұжыммен жазылуды үрдіске айналдырған

Ұжыммен жазылуды үрдіске айналдырған

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм үні» деп басталатын мақаласында «...адамға көз, құлақ, тіл қан­шалықты керек болса, халыққа да газет соншалықты керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деп ой қорытады.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығы үшін газетке жазылу маусымы басталғалы аудан тұрғындарының басылымға жазылу бел­сенділігі жоғары. Бұл өз кезегінде халықтың сауаттылығы мен қоғам өмірінен ұдайы хабардар болып отыруды қолдайтын ашық көз бен ояу көкіректілікті көрсетсе, бір жағынан, аудан айнасына айналған басылымның күн санап оқырмандарды қызықтырып, өзіне тартып келе жатқандығын байқатады.

Осы ретте, тұрғындармен қатар мемлекеттік мекемелер де жергілікті газетке ұжым болып жазылуда. Сондай белсенді ұжымдардың бірі – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша фи­лиалының Сырдария аудандық бөлімшесі. Бө­лімде 16 қызметкер жұмыс істейді. Маңдай тер мен қажырлы еңбектің арқасында бөлім басшысы Жансая Ақылбекова «1 желтоқ­сан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті күні» мерекесінде облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың арнайы «Алғыс хатымен» марапатталғанын айта кеткеніміз жөн. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созуда да аянып қалған емес. Осы үрдістен танбай, газетке жазылу маусымында да бірнеше зей­неткерді аудандық басылымға жазып беріп, қариялардың ризашылығына бөленді.

– Аудан айнасына айналған «Тіршілік тынысы» газетін зейнеткерлер мен мұқтаж жан­дардың мекен жайына жазып беруді өзге мекемелер челлендж ретінде қабылдап, жал­ғастырса екен. Бір жағынан, қайырымды іс болса, екінші жағынан сол газетті оқыған әр адамның алғысына кенеледі, – дейді бөлімше басшысы Ж.Ақылбекова.
Басылымның тұрақты оқырманына ай­нал­ған мекеме қызметкерлері редакциямен ұдайы байланыста. Қазақ баспасөзіне қол­дау көрсетіп, ауызбіршілік пен ұжымдық еңбек­тің жарқын үлгісін көрсетіп отырған сала мамандарының отбастарына амандық, қызмет­теріне табыс тілейміз.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

04 желтоқсан 2021 ж. 577 0