Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі

Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі

Кеше ауданымызда сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында аудан көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәдениет және спорт, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жеке сектор өкілдері де қатысты. Арнайы техникалар қатыстырылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Арықтар тазартылды.

Айта кету керек, Сырдария ауданы көлемінде әр сенбі сайын кентіміздің әр аймағында, сонымен қатар, барлық ауылдық елді-мекендерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, «Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген қағиданы ұғынып, өзіміз тұратын үйге, оның айналасына, ауланың тазалығына мән берсеңіздер.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.

Өз ортамыз, өз еліміз, өз денсаулығымыз үшін барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз.
06 қараша 2022 ж. 554 0