Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында аудандық сенбілік өткізілді

«Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында аудандық сенбілік өткізілді

Сырдария ауданы көлемінде акция аясында ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсарту, кенттің келбетіне өң беру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына оңтайландыру мақсатында барлық аудандық қызмет көрсетуші мекемелер, коммуналдық салалар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілікте арықтарды тазарту, күл-қоқыстарды шығару, талдарды әктеу, арам шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы сенбілікке 1000-нан аса адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

«Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар. Осы ретте, аудан тұрғындарын аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарына немқұрайлы қарамай, жанашырлық танытып, бірлесе атқаруға шақырамыз! Тазалық табалдырықтан басталады десек, Өз аулаларыңыз бен үй айналасын тазарту кент ажарына қосқан үлкен үлесіңіз және мәдениеттілігіңізді өлшемі болар еді.

14 қараша 2021 ж. 709 0