Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – мәдениеттіліктің айрықша көрінісі

Тазалық – мәдениеттіліктің айрықша көрінісі

Ауданымызда жалпыхалықтық сенбілік өткізілді. Аудан әкімінің кент орталығын аралау барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес теміржолдың арғы бетінде орналасқан Б.Момышұлы көшесінің бойы мен теміржол жиегіне тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, аудан орталығында орналасқан мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, жеке сектор өкілдері де қатысты. Арнайы техникалар қатыстырылып, жиналған қоқыстар шығарылды.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, арнайы тал көшеттерін отырғызды.

Айта кету керек, Сырдария ауданы көлемінде әр сенбі сайын кентіміздің әр аймағында, сонымен қатар ауылдық округтерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.

Санамыздағы «тазалыққа мемлекеттік мекмелерде жауапты адамдар бар» деген түсінікті терең ойлап көрейікші. Шынымен солай. Десе де олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Осыдан кейін-ақ тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз.

Сырдария ауданының баспасөз қызметі.

01 мамыр 2022 ж. 664 0