Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі
Бүгін "Бірге – Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық акциясы аясында редакция қызметкерлері сенбілік жұмыстарына қатысты. Журналистер бірер сағатқа қара қаламдарын кетпен-күрекке ауыстырып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қаламгерлер мен редакцияның техникалық қызметкерлері арықтарды қураған жапырақтардан, қоқыстардан тазартып, жиналған қоқыстарды белгіленген аумаққа төкті. Сонымен қатар кент тұрғындарына жайлылық сыйлау үшін тазартылған аумаққа су себу жұмыстары да ұйымдастырылды.
Халқымызда "Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі" деген тағылымды сөз бар. Негізі әр тұрғын өз үйінің маңайы мен ауласын таза ұстап, өңіріміздің таза болуына және одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосуы керек. Өмір сүріп отырған коршаған ортаны, тұрып жатқан көше бойын, есік алды ауланың тазалығын сақтаудың адам денсаулығына тигізер пайдасы көп.
Айта кету керек, сенбілік жұмыстарының екіжақты тәрбиелік мәні бар. Біріншіден, бұл көпшілікті еңбекке баулу болса, екінші жағы туған жердің таза әрі тартымды болуы, яғни ішкі мәдениеттілікті қалыптастырудағы маңызы зор. Сондықтан ортақ іске ұйыса білсек, өмір сүріп отырған ортамыз тап-таза болмақ.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ