Басты міндеттердің бірі - салық базасын кеңейту
Мемлекеттің қуатты болуында салықтың шешуші рөл атқаратыны белгілі. Қай елде салықтың түрлерін жинау ұтымды, ұтқыр ұйымдастырылса, сол елдің қазынасы толып, әлеуметтік мәселелерді шешуге қауқарлы болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру және күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - салық базасын кеңейту.
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен аудан әкімдігі арасында жасалған «Сырдария ауданы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған салық және бюджетке төленетін төлемдердің резервтерін анықтау» бойынша алгоритм жобасының іксе асыру бойынша комиссия отырысы аудан әкімінің орынбасары Т. Нұртазаевтың төрағалығымен өткізілді.
Комиссия отырысына аудандық кірістер басқармасының басшысы А. Жүсіпов, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық қаржы бөлімі, кент және ауыл әкімдері, тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссия отырысында алгоритм бойынша аудандық бюджеттің толыққанды орындалуын қамтамасыз ету бойынша мәселелер көтеріліп, тиісті сала басшыларымен осы бағытта жұмыс жасау тапсырылды.

«Тт» ақпарат