Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Алгоритмді сапалы орындау кіріс көздерінің ұлғаюын қамтамасыз етеді

Алгоритмді сапалы орындау кіріс көздерінің ұлғаюын қамтамасыз етеді

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтің төрағалығымен өткен жиналыста «Қызылорда облысының 2022-2024 жылдарға арналған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша қосымша резервтерді анықтау алгоритмінің» сапалы орындалуы талқыланды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Алгоритм негізінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, қосымша кіріс көздерін табу мақсатында салалар бойынша талдау және камералдық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

«Мәжіліске қатысушы мекемелерге Алгоритммен бекітілген іс-шараларды сапалы әрі мерзімінде орындауды және жауапкершілікпен қарауды тапсырамын. Бұл өз кезегінде кіріс көздерінің ұлғаюын қамтамасыз етіп, шешімін табуды қажет ететін жобалардың жүзеге асырылуына септігін тигізеді, – деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.

Жиында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарамасының басшысы Берік Ниеталиев салық базасын ұлғайту және бюджет жоспарының орындалуы туралы хабарлама жасап, ұсыныстарын білдірді.

Айта кету керек, мәжіліске дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, басқа да салық базасын ұлғайту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты тұлғалар қатысты.
23 қыркүйек 2022 ж. 407 0