Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысында бірнеше мәселе қаралды

Комиссия отырысында бірнеше мәселе қаралды

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен 2021 жылдың ІІ тоқсандағы Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау мен қаржы бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарған жұмыстары туралы» мәселелер бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалымжан Акбаров, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Айнұр Есмағанбетова және «2020 жылдың және 2021 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік органдар арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету туралы» мәселесі бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов баяндама жасады. Хабарламашылар бөлімдерде жемқорлықты болдырмау бағытында нақты жұмыстар атқарылып, мемлекеттік қызметтер электронды нұсқада көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Аудан басшысы ауданда сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты күшейту керектігін атап, бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында аудан әкімі өңірдегі эпидахуал күрделеніп отырғанын атап, сақтық шараларына аса мән беруді ескертті.
30 маусым 2021 ж. 647 0