30 жылдан кейін егін егілген – Жетікөл
Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев ауданға қарасты Жетікөл ауылындағы «Алиакбар ата-Агро» шаруа қожалығының егін алқабына барды.
Шаруашылық төрағасы Мұхтар Көзейбаевтың айтуынша, 30 жылдан бері егін даласына дән түспей аяқ су тапшылығы болып, халық егіншіліктен қол үзіп қалған көрінеді.
Осы жерді биыл өз шаруа қожалығына алған ол жердің 22 гектарына жүгері, 23 гектарына бақша дақылдарын егіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Биылғы жылы ауылдың «Жетікөлжарма» арнасынан су алатын «Военторг» каналын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл каналға сонау 90 - жылдардан бері су жіберілмеген. Іші көміліп, аяқ судың келуіне мүмкіндік жоқ жағдайына жеткен болатын. Қазір аталған каналдың 4,9 шақырымы толығымен тазартылды. Соның арқасында ең алдымен ауыл халқының аяқ су мәселесі шешімін тапты және ауыл халқының бау - бақша өнімдерін егуге мүмкіндігі туды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы СНП-500/10 су айдау насосы қолданылуда. Осылайша аяқ су мәселесі ауылда шешімін тапты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы СНП-500/10 су айдау насосы қолданылуда. Осылайша аяқ су мәселесі ауылда шешімін тапты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі