Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі тіл жанашырлары!

Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мереке­сімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады. Сондықтан осынау атаулы күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің маңызы мен мәні зор.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған сындарлы тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құн­ды­лықтардың бірі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруіне үйлесімді тіл саясаты тікелей ықпал етеді. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің сындарлы саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп ке­леді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ ті­лінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн, – деп атап өткені белгілі. Бұл тіл саясаты мәселесінде бізден асқан ыждағаттылықты талап етеді.

Бүгінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудан­дық филиалымен бірлесе ана тіліміздің мерей-мәртебе­сін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Барлық мекеме, мектеп, балабақшада арнайы іс-шаралар өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту.

Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген салмақты сөз бар. Ендеше, тірегімізге тіреу болайық, Тәуелсіздігімізге сүйеу бо­лайық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

Құрметпен, Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі
05 қыркүйек 2022 ж. 5 674 0