Темір жол вокзалы қалыпқа келтірілді
Өткен ғасырдан сыр шертетін, аудан бойынша көне жәдігерге айналған, аудан құрылуы және оның тыныс-тіршілігімен етене араласқан, аудан үшін көне ғимараттың бірі Тереңөзек станциясының вокзал ғимараты.
1901-1905 жылдары Ресей мен Орта Азияны байланыстырған Орынбор – Ташкент темір жолы салынды. Бұл жаңалық Сыр халқын жаңа өмірге қадам басуына себепкер атандырды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек аталмыш темір жол құрылысында 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы темір жолдың бір бөлігі 1905 жылы салынған Тереңөзек станциясы еді.
Бұл ғимарат қызметін тоқтатып, қараусыз қалып, сырты мен іші бұзылып, темір жолмен жүрген әрбір өткен пойыз жолаушысының сыны болған еді.
Дегенмен, аудан басшысы М. Ергешбаевтың тапсырмасымен Тереңөзек кенті әкімдігінің өз күштерімен ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да бұл темір жол вокзал ғимаратын күтіп ұстауда жүктелді.
Бұл аймаққа алдағы уақытта тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратын болады.
Кент тұрғындарын ортақ үйіміз Тереңөзек кентінің тазалығына аса мән беріп, үй айналасын, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.