Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАНЫМАЛ АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР ҚАНША ТЕМІР ТҰЛПАР ЖЕҢІП АЛҒАНДАРЫН ЖАСЫРМАЙ АЙТТЫ

ТАНЫМАЛ АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР ҚАНША ТЕМІР ТҰЛПАР ЖЕҢІП АЛҒАНДАРЫН ЖАСЫРМАЙ АЙТТЫ


Тұрсынбек Қабатовтың "ƏзілMaN" жобасында қонақта болған айтыскер ақындар айтысып жүріп қанша темір тұлпар жеңіп алғандарын жасырмай айтты.

Балғынбек Имашев журналистердің "осы уақытқа дейін қанша темір тұлпар ұтып алдың?" деген сұрақтар жиі қойылатын болғандықтан санауға мəжбүр болғанын айтты.
"Осы уақытқа дейін екі пəтер жəне он беске жуық темір тұлпар жəне "Алтын домбыраны" бір рет жеңіп алдым", - дейді айтыста жиырма жылға жуық жүрген Балғынбек Имашев.
Бір қызығы жеңіп алған "Алтын домбыраны" сахнада тек отыз секунд ұстап, музейге тапсырған. Тек қатарынан үш жыл ұтқан айтыскер ғана үйіне алып кетеді дейді ақын.
⠀Ал, Айнұр Тұрсынбаева айтыстан отыз төрт темір тұлпар мінгенін, тек бір айтыстан Жандарбек Бұлғақов үш бірдей темір тұлпар ұтып алғанын айтты.
26 жасқа толған Жандарбек Бұлғақов айтысқа 13 жасынан келіп, ең алғашқы темір тұлпарын тоғызыншы сыныпта жеңіп алғанын айтты. Тіпті айтыстан жеңіп алған темір тұлпары көптігі соншалық үйінің ауласына сыймай қалған кездері де болған. Қазіргі уақытқа дейін жиырма екінші темір тұлпарын жеңіп алғанын жасырмай айтты.
04 сәуір 2018 ж. 2 041 0