Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиісті жұмыстар атқарылуда

Тиісті жұмыстар атқарылуда

Аудан басшысы М.Ергешбаевтың ұсынысымен "Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы" өндірістік бөлімшесінің қызметіндегі ауыз су және кәріз суларының көру құдықтарын (колодец) қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасын табуда.

Бөлімше қызметкерлері аудан орталығы мен ауылдық округтердегі жұмыстарды сапалы жүргізуде.

Тереңөзек кенті бойынша Б.Момышұлы көшесінде 5 көру құдығы тазаланып, темір қақпақшалары салынды.

Тоғанас батыр, Ә.Тәжібаев, Д.Қонаев көшелерінде 3 дана көру құдықтарының бетон қақпақшалары ауыстырылды.

Қалжан Ахун ауылы Қайқы батыр көшесіндегі көру құдығы тазаланып, темір қақпақшасы салынды.

А.Тоқмағамбетов ауылының насос станциясы ғимаратының шатырын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Бөлімше тарапынан тиісті жұмыстар жалғасатын болады.
02 қыркүйек 2021 ж. 293 0