Актив отырысы өтті
Мәжіліс басталмас бұрын ауданның дамуына ерекше үлес қосқан аудан әкімнің орынбасары қызметін атқарған Ғалымжан Еркебай мен аудандық денсаулық саласын бес жыл басқарған Нұржамал Мырзағалиеваны жаңа қызметке ауысуына байланысты аудан әкімі алғысын жеткізіп, құрметін білдірді.
Мұнан соң кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы Сырдария аудан әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаевты, аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиевті таныстырды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша "Соңғы қоңырау" салтанатын атап өту және "Жалын" тынығу лагерінің жазғы тынығу маусымына дайындығы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндады.
25 мамыр күні «Соңғы қоңырау, 17 маусым күні «Аттестат тапсыру» салтанатты шаралары мектеп қабырғасында өткізіледі.
Жалпы оқу жылын барлығы 8 261 оқушы аяқтайды. Оның ішінде, 9 сыныпты 749 оқушы, 11 сыныпты 422 оқушы бітіреді. "Алтын белгіге" үміткер-30 оқушы, "Үздік атестатқа" үміткер-33 оқушы.
Тереңөзек кентінің сыртында орналасқан "Жалын" сауықтыру лагері 1 -ші маусымнан бастап балаларды қабылдайды, 6 ауысымда 700 баланы демалдыру жоспарлануда. Оның ішінде, 581 бала міндетті оқу қоры есебінен, 119 бала кәсіподақ есебінен демалады.
Білім саласындағы мәселелер талқыланғаннан кейін аудан әкімі аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімі, бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.