Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, мәжілістің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров баяндама жасап, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығының қорытындысын жария етті.
Екінші мәселе "Соңғы қоңырау" салтанатын атап өту, білім беру мекемелерінде қоғамдық тәртіпті және теріс іс-әрекеттерді болдырмау тақырыбына арналып, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева хабарлама жасады.
Мәжілістің күн тәртібіндегі үшінші мәселе сайлау науқанының өту барысына арналып, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Әбілдаев дайындық жұмыстары, сайлау часкелерінің жай-күйі жөнінде айтты.
Соңғы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Нұртазаев пен аудандық "Жұмыспен қамту орталығының" директоры Е.Дәуітбекұлы хабарлама жасап, жеке оңалту бағдарламасының, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек пен бірыңғай жиынтық төлемдердің орындалу барысын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 мамыр 2019 ж. 901 0