Биыл Қызылордада 6060 оқушы мектеп бітіреді

«Соңғы қоңырау» салтанатты жиындары өткізілмейді. Мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. «Алтын белгіге» үміткерлер саны-573 оқушы. ( 2019 жыл-320)" - деді Бағдат Камбозұлы.
Жалпы ҰБТ өткізудің форматы өзгеріссіз. Былтырғы жылдағыдай 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары140 балл жинауға мүмкіндігі болады.
ҰБТ өткізілетін уақыты 20 маусым-5 шілде. Облыста 9 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес барлық пунктер талапқа сәйкес жабдықталған.