Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімнің алтын ұясы

Білімнің алтын ұясы


Мектеп – әрбір адамның үлкен өмірге жол ашатын білім мекені. Қаншама жан қасиетті мекеннің табалдырығын аттап, алтын ұядан білім нәрімен сусындайды. Ұлағатты ұс­таздардан ұқыптылықты, ұстамдылықты, ұйым­дастырушылықты, жалпы, адам болуды ұғынып, тәр­­­биенің төркінін тү­сінеді. Сон­дықтан әркім білім алған ордасын мақ­танышпен айтып, оның тарихын жетік білетіні белгілі.
Ауданда 17 мектеп болса, олардың тарихы тереңде жатыр. Осы мекендегі білім ошақтарының алғаш шәкірттерді қабылдап, мектеп болып ашылғаны өткен ғасырдың орта шенін немесе оның арғы жағын қамтиды. Солардың ішінде Жетікөлдегі №174 орта мектепте бала оқи бастаған шақ – Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақыт. Биыл Астана қаласына 20 жыл, Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толса, киелі білім ордасына 70 жыл болып отыр. Бұл жылдарда ауылдағы мектептен қаншама түлек қанат қағып, еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етуде.
Көнекөз қариялардың айтуынша, білім ошағы 1947-1948 жылдары ауыл жұмысшылары мен қызметкерлері балаларына арналған 4 жылдық орыс мектебі болып ашылған. Ең алғаш шәкірттер қабылданған білім ордасын сол кезде Үсен Кішкенбаев басқарыпты. Ол кезеңде мектеп табалдырығын аттаған оқушылар саны қазіргіден 3-4 есе аз болған. 1951-1952 оқу жылында білім ошағында қазақ балаларына арналған сыныптар қосылып, 7 жылдық мектепке айналған. Ал 1954 жылы осы білім шаңырағына кеңестік педагог А.С.Макаренко есімі беріліпті. Мұнан соң 1958-1959 оқу жылында Жетікөл ауылындағы мектеп 8 жылдық болып құрылып, осы жылдары Махмут Пірмаханов мектеп директоры қызметін атқарған. Келесі оқу жылында киелі мекенді Шәумен Есмағанбетов басқарса, 1960-1964 жылдар аралығында Дауылбай Наурызбаев мектеп директоры болған. 1963 жылы 8 жылдық мектептің алғашқы қарлығаштары түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басты. Мектепті бітірген 8 оқушының қатарында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі болған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарған Сейітсұлтан Әйімбетов бар.
1964 жылдан 1988 жылға дейін білім ордасын Кеңес Тасыров басқарып, оқушыларға сапалы білім, тағлымды тәрбие беру ісі жолында қыруар жұмыстарды атқарған. 1975-1977 жылдарда елді мекенде бала санының көбеюі мектепте орын жетіспеушілікті тудырды. Осыған орай, мектеп жаңадан салынып, үлкейді. Бұл жолда мектеп ұжымының жасаған қажырлы еңбегін бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Оқушылар жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін 1976-1977 оқу жылында білім ордасы 10 жылдық мектеп болып есігін айқара ашты. Білім беру ісінде тың әдістер қолданылып, оқушымен жұмыс жандана түскен. Мұнда жалпы оқушы саны 118-ге жеткен.
Келесі оқу жылында 10 жылдық мектепті 26 оқушы бітіріп шықты. Осы оқу жылдарында шаруашылық жұмысын ілгерілетуге, оған дем беруге мектеп жанынан «Арман» бригадасы құрылып, шаруа адамдарына көмек көрсетті. Шаруашылық өндірісінің өркендеуіне үлес қосып, оқушылар білім ала жүріп еңбек етті, маңдай терін төкті. Мектеп оқушылары идеяларынан туындаған алғашқы бастама олардың еңбекпен есеюіне себепші болды және олар жұмысшыларға айтарлықтай қолғабыс етті.
К.Тасыровтан кейін ұлағатымен үлгі бо­ла білген Асылхан Дүйсебеков 1988-1990, Амангелді Махатев 1991-1992, Жұмабек Әлиев 1992-1997, Рсалды Қалжанова 1997-2005, Әлібек Сейітмұратов 2005-2009 жылдары мектеп директоры қызметін абыроймен атқарып, №174 орта мектептің білім сапасының артуына қомақты үлестерін қосты.
70 жылдық тарихы бар мектептен көптеген шәкірттер тәлім алып, ел мақтанышына айналды. Оларға «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағына ие Әзімхан Жүнісов, Айсұлу Қиынбаева, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалі марапатын алған Сақтаған Торғаев сынды және тағы басқа ұстанымы мықты ұстаздар сабақ берді. Соның арқасында бұл мектептен ел мақтанышына айналған халықтың қалаулылары қалыптасты, небір талант иелері дарынымен танылды. Атап айтар болсақ, жетікөлдік талант, белгілі журналист, ақын Кенжалы Райымбеков, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы болған, бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Әбубәкір Смайлов, ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты Роза Мәжитовалар осында оқыды. Бұдан бөлек, ғылым кандидаттары Б.Динаева, Ш.Жұмағұлова, Е.Тохетовтер – мектеп мақтаныштары. Сондай-ақ, бұл тұста, мектеп түлектері, ерекше аттестат иегерлері Г.Көзейбаева, Н.Сейітмұратов, Н.Шахаева, М.Торғаева, К.Шамахова және Г.Әлиеваларды да атап өткен жөн.
Қазіргі таңда ауылдағы білім ошағында 35 мұғалім еңбек етуде. Олардың 4-і жоғары санатты болса, 11-і І біліктілік санатты және 11-і ІІ біліктілік санатты.
320 орындық мектепте қазір орын же­тіспеушілік жоқ. Типтік жобада салынған білім шаңырағында 13 кабинет, кітапхана, оқу шеберханасы, спорт зал және 20 орындық асханасы бар. Бұл жерде балалардың білім алуына, сондай-ақ, бос уақыттарын тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған. Үйірмелер арқылы оқушылардың шығармашылығы да қатар шыңдалуда.
70 жылдық белесте мектептің материалдық-техникалық базасы жақсарып, білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдері сабаққа енгізілген. Со­ның арқасында бүгінде мектеп оқушылары көптеген жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындырып келеді. Мектеп оқушылары биылғы жеткен жетістіктерін осы айтулы датаға арнайтыны сөзсіз. Биылғы жылы аудан халқы Астананың 20 жылдығын, Сырдария ауданының 90 жылдығын кең көлемде атап өтетін болса, жетікөлдіктер №174 орта мектептің 70 жылдығын да қатар тойламақ.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
03 сәуір 2018 ж. 2 127 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 07:34
Lioresal 50 Mg Amoxicillin Yogurt Effect Vermox Otc Or Rx viagra Il Viagra Crea Dipendenza What Are The Side Effects Of Zithromax Kamagra Soft Tablets

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 14:14
Cephalexin Daily Dose Amoxil Safe During Breastfeeding viagra Online Doctor Prescription Adderall Selbstversuch Levitra