Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күзетiлетiн объектiге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Күзетiлетiн объектiге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 506-бабыбойынша құқық бұзушы М.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2025 жылғы 8 қыркүйекте 20 сағат 00 минут шамасында М. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен күзетілетін Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты Сырдария өзенінің Қараөзек тармағының бас құрылыс объектісіне заңсыз кірген.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 506-бабымен кінәлі деп танылып, 41286 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
21 қараша 2025 ж. 108 0