АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІНДЕ БОЛДЫ
«Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дейді халық даналығы. Сол айтқандай ақжармалық ғалым Еркін Қуанышбекұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» атты акциясы шеңберінде өзі 10 жыл білім алған №130 Абай атындағы орта мектепте болып, педагогикалық ұжыммен және мектеп оқушыларымен кездесті.
Бір кездері ауылдағы өзен-көлдерді жағалап бұла өскен балдырғандар бұл күндері әр саланың тізгінін ұстаған атпал азаматтар. Солардың бірі Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында туып өскен Еркін Қуанышбекұлы Ақтаев. Еркін ауылдағы №130 Абай орта мектебін 1990 жылы бітіргеннен кейін Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1994 жылы «Физика және информатика пәндерінің оқытушысы» біліктілігі бойынша диплом алады. Сол жылы еңбек жолын Н.В.Гоголь атындағы ҚПИ-да бастаған Еркін 1996 жылы мақсатты жолдамамен Т.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің механика-математика факультетінде күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 2001 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғайды. Онан кейінгі жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де 2012 жылға дейін түрлі басшылық қызметтерде болған Еркін Тараз қаласына қоныс аударып, сондағы жоғары оқу орындарында факультет деканы, ғылым бөлімінің бастығы, проректор қызметтерін атқарады.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің «Педагогика» факультеті деканы қызметіне келген Еркін Қуанышбекұлы елге оралуын өзінің «Алтын ұя» мектебіне тағзым етуден бастады. Мектеп кітапханасына 100-ге жуық кітаптарын тарту етті. Оның арасында өзінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЖОО қауымдастығының тапсырысымен физикадан жазған оқулығы, ғылыми бағытта жазылған 2 монографиясы мен конференция жинақтарынан басқа балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем әдебиеттер де бар.
Мектеп оқушыларымен кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығы айтылды. Бағдарламадағы адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу қажеттілігі алға қойылып отырғандығы айтылып өтті.
Оқушыларға рухани жаңғыру – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен келешегі үшін жасалып жатқан үлкен жұмыс екендігін түсіндіре білген Еркін Қуанышбекұлы кездесу соңында мектеп бітіруші түлектерге алдағы тұрған маңызды сынақтардан сүрінбей өтуге тілек білдірді.
Кездесуге Еркін Қуанышбекұлының ұстазы еңбек ардагері Патыма Құсейінова апай қатысып, шәкіртінің мектеп қабырғасынан физика-математика пәндеріне жетік болғанын, талантты азаматтың алдына қойған мақсатына жетіп, тәуелсіз еліміздің ғылымына елеулі үлес қосып келе жатқанын мақтанышпен әңгімеледі.
Кездесуді мектеп директоры Бауыржан Әбутәліпұлы қорытындылап, алтын ұя мектебіне қамқорлық жасаған ғалымға алғысын білдіре келе, бұл өзге де жерлестерге ой салатынын атап өтті.

Шаhарбек Нұрсейітов