Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Косметолог бет терісі ерте қартаймауы үшін қалай күтіну керегін айтты

Косметолог бет терісі ерте қартаймауы үшін қалай күтіну керегін айтты

Әр адам әдемі, таза теріні армандайтыны белгілі. Нәзік жанды арулар өздері қалаған нәтижеге жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерге барады. Осы ретте бет терісіне қалай дұрыс күтім жасау керек? Бет ерте қартаймауы үшін не істеген дұрыс? Бұл туралы елордалық косметолог Бибігүл Балтабайқызы айтып береді.


Дәрігер қызметінен косметологқа дейін

Негізгі мамандығым – дәрігер. Емханада жұмыс істегенмін. Дәрігер ретінде 30 жылға жуық еңбек өтілім бар. Емханада біраз жыл жұмыс істегеннен кейін басқа салаға ауысуға шешім қабылдадым. Сөйтіп сұлулық саласында келіп, косметолог ретінде еңбек жолымды бастадым. Ал негізі жедел жәрдем фельдшері мамандығы бойынша жоғары білімім бар, - дейді маман өзі туралы.

Бибігүлге косметология саласы ұнайды. Айтуынша, қыздарды әдемі ету оның жүрегіне жылулық сыйлайды.



Косметология саласына ауысуға шешім қабылдағаннан кейін оны арнайы оқып, тиісті сертификат алдым. Негізі бет терісін тазалағаннан басқа, хиджама да жасаймын, қыздардың құлағын да тесемін, - деп айтты ол.


Бүгінгі күні маманның осы салаға келгеніне 7 жылдай уақыт болды.

Өз ісім өзіме ұнайды. Себебі шын ниетіңмен, жақсы көріп істеген ісің әрдайым берекелі болады. Оның үстіне сүйікті ісіңмен айналыссаң, жұмыс емес, демалыс сияқты көрінеді, - деп түсіндірді косметолог.

Фото: Baq.kz
20 қараша 2025 ж. 17 0