Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара шаңырақ

Қара шаңырақ


Кешегі күн – бүгінгі тарих, бүгін тарих – ертеңге аманат. Ал осы кешегі тарихты келер ұрпаққа жеткізудегі басты құралдардың бірі – ол кітап. Кітап – құндылық, өлмес тарих, өшпес мұра. Тарихты теріп, оны қағазға түсіріп, кітап қылып шығару екінің бірінің қолынан келетін оңай дүние емес. Оның ішінде, ұлағатты ұстаздардың елеулі еңбегін насихаттайтын рухани қазына – ең қажетті құндылық. Міне, осындай жауапкершілік жүгі ауыр жұмысты қолға алып, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей тарихын жазған Анар Ізбасарованың «Тарихы терең мектебім» атты кітабы жарық көріп, жақында тұсаукесері салтанатты түрде өтті.

Ғасырға жуық тарихы бар №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей – талай таланттар мен дарынды тұлғаларды түлеткен қара шаңырақ. Бұл білім ордасынан әкім де шыққан, ақын да шыққан. Тізбектесек қазақ журналистикасының абызы атанған Абызбай Маханбетов, ақын-журналист Ахат Жанаев, ақындар Мұхтар Сақтапов, Асқар Кіребаев, Қайырбек Асанов, тарихшы-ғалым Сапиулла Абдулпаттаев, сазгер Рамазан Тайманов, әнші Жеңіс Ысқақова, суретші Жәркен Исмағұлов, білікті бапкер Сұлтан Қобландин секілді және басқа да елге белгілі көптеген дарын иелері түлеп ұшқан. Бұларға осы киелі шаңырақтың мүйізі қарағайдай ұлағатты ұстаздары сапалы білім, саналы тәрбие беріп, оқытты, тоқытты. Осынысымен де аудан орталығындағы іргелі білім ошағы ілгері қара шаңырақ саналады. Оның тарихы тереңде жатыр. Соны жинақтаған «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, ардагер-ұстаз Анар Қарымсаққызы алғаш болып мектеп тарихы, онда қызмет еткен қайратты тұлғалар мен тағлымды тәрбие берген ұстаздар туралы кітап шығарды.
«Өмір – үлкен мектеп, ұлы ұстаз. Бұл даналық сөз ешқашан да өз мәнін, маңызын жоймақ емес. Сол өмір көшінде әркім қабілет-қарымына, мүмкіндігіне, талабына сәйкес амал ететіні анық. Адал еңбекпен ел алғысына бөленгендер абырой тұғырынан, бедел биігінен көрінеді. Осындай азаматтардың есімі ел жадында мәңгілікке сақталып, жүріп өткен жолы, атқарған қызметтері, ұстанған ұстанымдары баршаға үлгі-өнеге болмақ. Түптеп келгенде, ел мен жер тарихын елжанды азаматтардың ерен еңбегі, тындырымды тірлігі, ілкімді істері қалыптастырады. Сол тарихты өскелең ұрпаққа насихаттау, түсіндіру, үлгі ету – біз секілді қоғам белсенділерінің бас­ты міндеті екені сөзсіз. Осы ретте, ауызекі тілде айтылған әңгімелерден гөрі қағаз бетіне түскен жазбалардың алар орны ерекше десек артық айтқандық емес. Осыны ескеріп білім саласында өзіндік орны бар ел азаматтарымен ақылдаса келе өзіміз жемісті еңбек еткен, қасиетті қара шаңырақ саналатын іргелі білім ордасы туралы кітап жазуды қолға алдық» деп басталатын кітап 4 бөлімнен тұрады. Алғашты бөлім «Қара шаңырақ» деп аталған. Мұнда 1919 жылы ауданға алғашқы ұстаз болып келген Бари-Нығмет есімді татар жігіті Жорабек Исаевтың екі бөлмелі сауда дүкенін ел балаларын оқытуға арналған ғимаратқа айналдырып, шәкірт тәрбиелей бастағаны, онда бірінші болып 14 бала білім алғаны айтылған. Содан бастап осы кезге дейінгі білім ошағының тарихы, бағындырған белестері, жеткен жетістіктері тізбектелген. Ал «Даңқты тұлға – Иса Тоқтыбаев» атты екінші бөлімде қоғам қайраткерінің өмір жолы, ол туралы мақалалар жарияланған. Үшінші «Майдангер ұстаздар» бөлімінде Ұлы Отан соғысына қатысып, кейіннен оқу-ағарту жұмыстарында ерен еңбек еткен тұлғалар жөнінде баяндалған. Бұл бөлімде білім бөлімінің меңгерушілері, аталған мектептің директорлары туралы мәліметтер де бар. «Ұлағатты ұстаздар» атты соңғы бөлімде қара шаңырақта жемісті еңбек етіп, қазіргі таңда бала бағбаны болып жүрген ұстаздардың өмір жолдары реттілігімен берілген. Жалпы, бұл кітап арқылы іргелі білім ошағы жөнінде толық мағлұмат алуға болады.
Мектеп-лицейде өткен кітаптың тұсаукесер рәсімі белгілі ақын Мұхтар Сақтаповтың «Құлағымда қоңыраудың үні бар» өлеңімен басталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы, ауданның 90 жылдығы аясындағы тағлымды шараға ардагер-ұстаздар, кітап авторының замандастары, шәкірттері жиналды.
Құттықтау сөз сөйлеген Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева, ардагер-ұстаз Ұ.Ерімбетова, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Есназар, мектеп-лицей директоры Б.Бақбергеновалар мұндай еңбектің жас ұрпаққа мол мұра екенін айтты. Олар осы мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатқан О.Әбілпаттаев, С.Уса­баев, Қ.Ысмайлов, С.Тұрғанбаев, К.Асқаров, А.Қор­жынбаев, И.Байдәулетов, А.Әзқожаева, Д.Ма­мытбаева, Б.Диханбаев және басқа да мерейлі мұғалімдердің еңбектері ұшан-теңіз екенін жеткізді. Осыдан кейін Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев кітаптың лентасын қиды. Сондай-ақ, салтанатты шарада ардагер-ұстаздар, автордың замандастары, шәкірттері мен жақын туыстары жүрекжарды тілектерін білдіріп, бала тәрбиесіндегі білімді жанның жаңа қырынан танылып жатқандығына қуаныштарын жеткізді. Сый-құрмет көрсетіп, шығармашылық табыс тіледі. Шарада мектеп-лицей оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты.
Тұсаукесер рәсімінде А.Ізбасарова кітапты жа­зудағы мақсатын және оның мәліметтерін жинақтауға бір жарым жыл уақыт кеткенін айтты.
– Кітапты құрастырып, бастырып шығарудағы басты мақсатым – өткен тарихымызды, №35 мектепте еңбек еткен аға-апаларымызды еске түсіру, замандастардың жарқын істерін жұртшылыққа паш ету. Мен бұл кітапты жазарда біреуді мақтайын немесе оны өзгеден ерекшелейін деген мақсат қойған жоқпын. Кітапты жинақтауға, жазуға бір жарым жылдай уақыт кетті. Өзім жазушы да емеспін. Жасым болса біразға келіп қалды. Бұл кітапты еріккеннен немесе уақытымның көптігінен де жазған жоқпын. Бір сөзбен айтқанда, бұл менің мектеп үшін жасаған ең игі жұмыстарымның бірі, – деген Анар Қарымсаққызы осы еңбекті жазуға атсалысқан жандарға өз ризашылығын жеткізді.
Иә, қиын-қыстау кезеңде, аш-жалаңаш заманда, сұм соғыс шақтарда да қажымай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген, бүгінгі күні де балаларды білім нәрімен сусындатып келе жатқан ардақты ұстаздарды дәріптеу, үлгілі істерін кейінгілерге таныстыру керек-ақ. Өйткені, жоғарыда айтқандай, кешегісіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ. Ал оны теріп, өскелең ұрпаққа тағлым етуде Анар апай секілді келешекке кемел оймен қарап, ұрпақ қамын жейтін ізгілікті жандар көп болуы керек. Әр мектепте осындай құрметке лайық ұстаздар болып, білім ошағы тарихын түгендеп жатса бұл болашаққа деген сенімнің нақ үлгісі деп білеміз. Сондықтан мектеп тарихынан сыр шертетін рухани қазына өз оқырманынан әділ бағасын алатынына бек сенімдіміз.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
27 ақпан 2018 ж. 2 018 1

Гость JeaOrer от 7 ақпан 2019 00:46
Cialis Lilly Viagra Kaufen Online Gunstig cialis 40 mg Priligy Rezeptfrei Paypal Viagra Greece Achat De Xenical En Ligne Side Effects Of Amoxil For Dogs Online Pharmarcy cialis no prescription Levitra Generika Kaufen Forum Buy Zovirax Online Propecia Result Photos Generic Propecia 5mg 1mg Levitra Moins Cher Prix Where Can I Buy Macrobid Express Delivery prix du viagra pharmacie en le tampon Herstellung Levitra Precio Cialis 5 Mg En Farmacia cheapest cialis Laboratorios Viagra Cialis Orosolubile Cephalexin 5oo Mg Amoxicillin Advil Interaction Secure Real Progesterone 100mg Menopause Best Website Shop cialis 5 mg Keflex And Side Effects And Interactions Viagra France Livraison Rapide Isotretinoin 10mg where to buy cheap levitra professional Clobetasol Skin Itching Cialis Buy Keflex Dental Premed