Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Халықаралық байқау жеңімпазы

Халықаралық байқау жеңімпазы

«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының Іңкәрдария ауылдық клубы жанынан құрылған «Көркем сөз» үйірмесінің мүшесі Асылым Сұлтанова Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында өткізілген халықаралық байқаудан І орын иеленді. Көркем сөз шебері ақиық ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды. Әділ қазылардың жоғарғы бағасына ие болған жас талант жерлестерін толағай табысымен қуантты. Халықаралық байқау жеңімпазы қашанда ұстаздар үмітін ақтай бермек.

Айта кетейік, өнерлі өренді байқауға дайындаған Іңкәрдария ауылдық клубы жанынан құрылған «Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі Айкерім Жұмебекова.

 Анар ҚАЛДЫБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты,
«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының жетекшісі


25 ақпан 2022 ж. 593 0