Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аналар – асыл жандар

Аналар – асыл жандар

«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының дарынды жастары тағы да бір белесті бағындырды. Жақында «Аналар – асыл жандар» тақырыбында өткізілген республикалық байқауда өнерлі өрендер «Эстрадалық вокал» және «Көркем сөз» номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұлт өнерімен машықтанып келе жатқан өнерпаздарға ерекше көңіл бөлінуде. Аталмыш байқауда «Көркем сөз» номинациясы бойынша Ақбота Ермаханова мен Айнұр Нұрланқызы жүлделі І орынды, «Эстрадалық вокалдан» Дахир Сүйіндік ІІ орынды жеңіп алды. Өз кезегінде байқау жүлдегерлерінің жетекшілері Алмат Өтеуов пен Айгерім Жұмебекова, Нұрила Кенесары «Құрмет громатосына» ие болды.

– Ең алғаш өнер орталығын ашуға бел буған кезімізде қорқыныш болғанын жасырмаймын. Шын мәнінде жүздеген баламен жұмыс жасау оңай емес дүние. Бірақ, біз бар қиындықты еңсеріп келеміз. Шәкірттеріміз зор жетістікке қол жеткізуде. Олардың бойындағы көрінбей жатқан қабілетті аша түсеміз. Бүгінгі қол жеткізген шәкірттердің жүлделі орындарымен құттықтаймын, – дейді «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының жетекшісі Анар Қалдыбаева.
24 наурыз 2022 ж. 1 135 0